Қазгидромет қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қараша айында республиканың бүкіл аумағындағы ауа температурасы климаттық норма шамасында болжанады. Қарашада ҚР батыс жартысында нормадан аз, шығысында – нормаға жуық.

Барикалық түзілімдер мен синоптикалық процестердің жиі өзгеруімен бір ай ішінде ауа температурасының ауытқуы, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады, ал қар жамылғысының орнатылуымен және елдің солтүстігінде желдің күшеюімен бұрқасын болуы мүмкін.

Қарашаның бірінші онкүндігінде әлі де жылы ауа райы сақталады, алайда айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына солтүстік теңіз, батыс және шығыс сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі енетін болады. Осылайша: елдің батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5-17°С-қа дейін, күндіз +12+22°С-тан -2-10°С-қа дейін біртіндеп төмендейді. Айдың соңында ауа температураның аздап көтерілуі болжануда;

ҚР солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+15°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Екінші және үшінші онкүндіктерде ауа температурасы түнде -15-20°С дейін, күндіз -5-12°С дейін төмендейді; оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бірінші онкүндікте күндізгі ауа температурасы +12+20°С болады деп күтілуде. Содан кейін ауа температурасы түнде -10-17°С, күндіз -1-8°С дейін біртіндеп төмендейді деп болжануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!