Өмірде даналықпен қоса тәжірибе жинаймыз. Қателесіп, одан сабақ аламыз. Кез-келген өмірлік оқиға біз үшін сынақ.

Мен көбіне ақыл мен жүректің үнін тыңдаймын. Ол кез-келген жағдайда қалай әрекет ету керегін, сынақтан қалай шығу керегін, бәрін басшылыққа ала отырып шешеді. Дүниеге келгендегі бәріміздің «миссиямыз» бірдей секілді болып көрінеді. Бірақ олай емес. Жаратушы бізге өмір сыйлайды, оң бағыт береді. Әрі қарай тура жолмен жүру, жүрмеу өзімізге байланысты.
Кейде бізге бүкіл өміріміз алда сияқты көрінеді, бірақ олай емес. Бірнеше жылдан кейін біз уақыттың аяусыз екенін байқаймыз. Жер бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Бір сүріп жатқан өмірді уақыты келгенде екінші адам меншіктейді. Сондықтан қазіргі таңда өміріміздің әр күнін тек жақсылықпен, қуанышпен толтыру керек.
Алға қойған мақсатқа жетер жолда түрлі қиындықтар болатыны сөзсіз. Бірақ мойымау керек. Мысалы, жастық шақта жұмыс істеуге, ғашық болуға және достасуға уақыт керек. Орта жаста адамның отбасы, балалары болуы керек. Егер адам бүгін мақсатына ұмтылмаса, уақыты болмаса, ол жасы ұлғайған кезде бұрын жасалмағанның бәрін іске асыруға және басқаруға тырысады. Мен үшін жақсы көңіл-күй қалыптастыру өте маңызды, әрқашан позитивті болуға тырысамын. Таңертең көңіл-күйім нашар болса, мүлдем ештеңе істегім келмейді. Сабаққа немесе жұмысқа деген зауқым болмайды. Ең жақсы жылдарыңызды үмітсіздік пен қайғыға берудің қажеті жоқ. Сіз әрқашан қуануыңыз керек. Бірақ адам табиғаты күрделі. Егер ол үшін бәрі жақсы болып жатса, онда ол жамандық туралы ойлана бастайды, оған әлі де бір нәрсе дұрыс емес.
Өмірдің мынадай бір қағидасы бар: сіз өмір сүресіз, әр минут сайын сіз өмірдің қуанышын күрт сезінесіз. Бұл – адамдардың өмір бойы ұмытпайтын сезімі. Әркім мұны әртүрлі түсінеді. Біреу Отанға қызмет ету арқылы, біреу жеке материалдық пайдасымен, беделімен, табысымен, біреу қоғамға пайдасын тигізумен, адамдарға қызмет ету арқылы. Біреу өмірдің мәнін отбасылық жылулық пен ұрпақ жалғастырудан көрсе, біреу діннің мәнін философиялық ойлардан, экстремалды спорттан, құмарлықтан, басқаларға билік етуден көреді.
Өмір көңілді, жайдарлы адамдарды жақсы көреді, өксікпен, пессимистерге күле қарамайды. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу керек, өйткені өмір әр адамға берілетін ең ерекше, пайдалы және баға жетпес сыйлық!

Дамира ЕРЛАН,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің
3 курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!