Шымкентте күзетшілерге дөрекілік танытқан «прокурордың әйеліне» қатысты сот шешімі шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Шымкент қаласындағы Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әйелді жауапкершілікке тартты. Қызылорда облысы прокурорының әйелі екенін айтып, күзетшілерге дөрекілік танытқан әйел 1984 жылы туған, бұрын ажырасқан жергілікті тұрғын болып шықты.
«Полиция осы оқиғаға байланысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалдарды сотқа жолдады», – деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айыпталушы кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Осыны ескеріп, оны 5 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!