Құқық бұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Қала көлемінде оқушылардың демалыс кезіндеқұқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасында және оларға қарсы жасалатынқылмыстарды, топтық төбелес, суық қаруды, тыйым салынған заттарды тасымалдау, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге баруына жол бермеу және олармен болатын оқыс оқиғалардың алдын алу,олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, құқық бұзушылық жасағандары үшін тізімдік және профилактикалық есепке алу, сонымен қатар тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтаумақсатында ағымдағы жылдың 30 қазан-01 қараша аралығында «Күзгі демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Балалардың қауіпсіздігі сіз бен біздің міндетіміз!
А.Ерназарова Қызылорда КПБ ҚҚБ ЮПБ инспекторы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!