Елімізге танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаев күні кеше дүние салды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Белгілі тележүргізушінің жұбайы 57 жасында өмірден өтті. Қайрат Шерәліұлы елімізде курорт ісінің дамуына зор үлес қосқан маман ретінде танымал. Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінде басшылық етіп, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде танытты.
Қайрат Шерәліұлы 1965 жылы Созақ ауданында дүниеге келген. 2007 жылдан 2011 жылға дейін ОҚО мәслихатының депутаты болып сайланған. 2011 жылдан бастап ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінде қызмет атқарып келді. 2019 жылы Тәуелсіздік күніне орай, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.
Елімізге танымал продюсер Жан Муканов:
«Бүгін біз жақын досымыз Беркінбаев Қайрат Шерәліұлынан айырылып қалдық. Жүрегі тоқтап қалды. Ең жақын досым әрі әріптесім Ләйлә Сұлтанқызына қайғырып көңіл айтамын. Бекем бол досым. Жақсы адам, күйеу, әке және дос болып еді. Жаны жәннәтта болсын», – деп жазды желідегі парақшасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!