фото:adyrna.kz

Латвияның сыртқы істер министрі Байба Браже қазақстандық әнші Жандәурен Аблаевқа ел аумағына кіруге мерзімсіз тыйым салды. Әнші Даугавпилсте концерт қоюы тиіс болған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Министр бұл шешімнің «Иммиграция туралы» заңның 61-бабының 2-бөлігіне сәйкес қабылданғанын мәлімдеді. Бұл бап шетелдік азаматтың Латвияға кіруі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді немесе құқық қорғау органдарының жұмысын қиындатуы мүмкін деген жағдайда шектеу қоюға мүмкіндік береді.

20 жастағы Жандәурен Аблаев «Дарите женщинам цветы» және «Песни на кассете» хит әндерімен танымал. Оның Латвияға кіруіне не себеп болғаны нақты айтылмағанымен, бұл шешім қоғамда түрлі пікірталас тудырды. Әншінің өзі әзірге бұл жағдайға байланысты пікір білдірген жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!