Фото: pixabay.com
Астанада ЛГБТ насихатына қарсы петиция бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасын Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров жариялады.
Қамбаровтың сөзінше, ҚР Конституциясының 14-бабына сәйкес Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, сондай-ақ, ешкімді жынысына немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітуге болмайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, петиция бойынша ішінара қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, «жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды насихаттау мен таратудан қорғау, сақтау» бөлігінде петицияны ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.Қазіргі уақытта, ғылыми зерттеулер жүргізу, мәселені егжей-тегжей зерделеп, оны реттеу бойынша тиімді тетіктерді пысықтау қажет, – деді ол.
Петиция бойынша нақты шешім 6 тамызға дейін петиция авторына ұсынылады.
Еске салсақ, бұған дейін депутаттар журналистерге ЛГБТ туралы жазуға тыйым салуды ұсынған еді. Кейін елімізде ЛГБТ насихатына қарсы петиция шығып, ол 50 мың қол жинады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!