Фото: Facebook/Aida Balayeva
Елімізде музейлер мен тарихи нысандарды цифрландыру арқылы халықтың мәдени мұраға қолжетімділігін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Aiqyn газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл Қазақстан музейлерінің бірыңғай виртуалды алаңы – E-museum веб-порталы іске қосылмақ. Бұл платформа арқылы әлемнің кез келген нүктесіндегі қолданушылар еліміздің мәдени мұрасын 3D үлгілер мен интерактивті форматта көруге мүмкіндік алады.
Мәдениет цифрланбаса – ол тұйықталады. Қазіргі ұрпақ ақпаратты визуалды, интерактивті түрде қабылдайды. Демек, егер біз жастарды ұлттық мәдениетке тартқымыз келсе, оны солардың тілімен, цифрлық ортада сөйлетуіміз керек. Бұған қоса, цифрландыру – мұраны сақтау кепілі. Қағаз құжат пен қолжазба тозады, бірақ цифрлық нұсқа мәңгі сақталады әрі әлемнің кез келген жерінен қолжетімді болады. – деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Айша бибі кесенесіне электрондық билет, Face ID және турникет орнату арқылы туристік табыс мамыр-маусым айларында 4,3 млн теңгеге жеткен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!