Ашық НҚА порталында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының» атауын өзгерту туралы Прездент Жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжат жобасын әзірлеген орган – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деген редакцияда жазылсын» делінген жарлық жобасында.
Яғни, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы» деген атау «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп өзгертіліп отыр.
Ал стипендияның мөлшері бұрынғыдай 55 айлық есептік көрсеткіш (174 900 теңге – ред) көлемінде қалады.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси рөлі туралы пайымын айтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!