Әлеуметтік желіде күйеуінен мәһрге соңғы үлгідегі Iphone телефонын сұраған хиджабтағы келіншек қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеода жаңадан отау құрған жас жұбайлардың некелесу сәті көрсетілген. Онда жұбайы күйеуінен мәһрге Iphone смартфонын сұраған. Жігіт амалсыз келіскендей болды. Молда қашан алып беретінін сұрағанда, үнсіз қалды. Себебі телефонның құны 1 млн теңгеге жуық тұрады.

Ал видео авторы:

«Қазақтарда енді жаңа мода басталады, тіпті осы маһрт ақыр үшін пәленбай қыз хиджабгүл болып кетсе де таңғалмаймын. «Түйе сұра,бие береді» деген қағиданы мықты біледі екен мына орама. Жайлап қана сызылып, бірақ нық айтты ғой шіркін. Мәһр деген «пәле» келе жатыр алда жігіттер, қамданыңдар, қалталарың толық болсын», – деп жазды автор.

«Көзімнен жас шықты»: Жанель Мақажан күйеуінен мәһрге ерекше сый сұраған
​​​​​​​Отандық телеарна директоры мен продюсер отбасын құрды
«Сырға, жүзік деп қоя салатын еді біздің кезде», «Кейбір санасыз келіндерден құдай сақтасын. Күйеуінің ертеңгі күнін ойламайтын әйелден безген дұрыс негізі», «Төрт əйел аламын деп жүргендерден əйелдердің әрқайсысы бір-бір су жаңа «Мерседес» сұрасын мәһрға. Ойлап жүр-ау деймін жай бола салады деп», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!