ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшелері Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских және Балайым Кесебаева іссапармен Қазалы ауданына келді.

Негізгі мақсат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасап жатқан реформаларын халыққа насихаттап, рефрендумға біркісідей қатысуға шақыру.

Іссапар аясындадепутат Бақытбек Смағұл аудан жастарымен, ардагерлермен жәнеүкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесіп, Ата заңға енгізілетін түзетулер халықтың әл-ауқаты мен тұрмысынан бастап, елдің экономикасына дейінгі барлық салаға өзгеріс әкелетінін жеткізді.

Сондай-ақ, аудандық электр торабы және «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры мекемесінің қызметкерлерімен де жүздесті.

Ал, депутат Геннадий Шиповских Ақтан батыр, Жанқожа батыр ауылының тұрғындарыменҚазалы пайдалану вагон депосы, Локомотив жөндеу зауыты,Қазалы көлік-техникалық колледжінің қызметкерлеріне референдумның маңыздылығын түсіндірді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатыБалайым Кесебаева білім және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында бұл саяси науқанның маңыздылығы сөз болды.

5 маусымда өтетін республикалық референдум – соңғы 27 жыл ішінде тұңғыш рет өткізілетін, тарихи мәні зор, ел өміріндегі маңызды оқиға. Ел Президенті айтқан ашық, естуші жаңа Қазақстанды құру жұмысы біздің қолымызда. Сондықтан оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек, – деді Балайым Туғанбайқызы.

Халықпен кездесулерде тұрғындар өз тарапынан Мәжіліс депутаттарына ерекше ықыластарын білдіріп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстанды құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындықтарын жеткізді.

Кездесулерге облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық штаб мүшесі Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мнажадин Өтеев, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев та қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!