ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әскери оқу-тактикалық полигонында курсанттармен кездесті.
Білім алушы студенттермен жүргізілетін әскери даярлық университеттің ішіндегі ахуалға, оның тыныс-тіршілігіне оң әсер беріп келеді. Факультеттердегі педагогикалық үдеріспен қатар жүргізілетін әскери даярлық студент жастар бойында Отансүйгіштік, адалдық, кез-келген қиындыққа мойымай қарсы тұра алатындай азаматтық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Әскери даярлықтан өткен студенттер өздерінің ішкі-сыртқы жинақылығымен, дене дайындығымен, тәртіптілігімен ерекшеленеді.
Қоғам қайраткері ашық аспан астындағы тату-тәтті өмірдің құндылығы жайлы әңгіме өрбітті. Еліміздің абыройын асқақтатып, туған жерді өркендету жолында жұдырықтай жұмылу қажет. Көкірегіміз әрдайым ояу және жігерлі болу керек. Бүгінгі жастар бейбіт өмірдің, тұрақтылықтың қадірін түсіне білуі тиіс екенін атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!