Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тарған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. Шетелдегі қазақ баласы анасына қатысты жантебірентер жазба жариялады.
Мұрат жазбасында анасын кінәламайтынын айтты.
Ана, оқып отырсаң, мен сені кінәламайтынымды біл. Сенің есіміңді ешкімге айтпаймын, ешқайда атамаймын. Ана, өтінемін, маған хат жазшы. Қорықпашы, мен сенің ұлыңмын. Маған ана керек, – деп жазды ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!