Отандық танымал әнші Динара Әлжан Болат Назарбаевтың қазасына қатысты пікір білдіріп, оның жақындарына қайғыра көңіл айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Динара Әлжан белгілі кәсіпкер Болат Назарбаевқа Instagram парақшасында жазба арнаған. Қаралы хабар әншіге ауыр тиген. Ол Болат Назарбаев өзіне көп жақсылық жасағанын айтты. «Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннәттә болсын», – деп жазды ол.
Динара Әлжан. Фото: Instagram/dinaraalzhanofficial
Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан дүниеден озды. Ақпаратты экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!