Оған қорған болып, қабілеті қырық жанның көзіндегі отты сөндіріп алмау, қолдау, аялау – азаматтың міндеті.

Фото: @sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлі тұрмысқа шықпаған, бірақ, отбасылы болуға дайындалып жүрген қыздарға ақыл-кеңесін айтты. Оның айтуынша, қыздар жас кезінен денсаулығын күтіп, болашақта ана болу үшін қамдану керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, қызға қорған болу – ер азаматтың міндеті.

Қыздың жолы ғана емес, ғұмыры да жіңішке. Өзінің де, өзгенің де тарапынан сәл қате қадам оны үзіп алуы мүмкін. Оған қорған болып, қабілеті қырық жанның көзіндегі отты сөндіріп алмау, қолдау, аялау – азаматтың міндеті. Қыздың бақыты мен тыныштығы – әке, іні, жардың құрметі, жауапкершілігі, сыйластығы. Кез келген ізгіліктің бастауы – тәрбие», – деп жазды тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында

Сонымен қатар, ол жас қыздардың тәрбиесімен қатар денсаулығына да қатты алаңдаушылық білдірді.

Әкеңе ұқсайтын жан ізде, тапсаң әкеңдей құрметте. Махаббат тек құшақтасу мен сүйісуден тұрмайды. Екеуара әңгіменің жарастығы отбасының беріктігіне тікелей әсер етеді. Отбасы болғаннан кейін балалы болу өте маңызды. Қыз күніңнен аяғыңды жылы ұстап, денсаулығыңды күт. Бала көтере алмасаң, айналаңның сөзбен де көзбен де қадайтынын ұмытпа. Тар құрсағын жібітпеді деген әңгімеге қаласың, – деп Ләйлә Сұлтанқызы әлі тұрмысқа шықпаған қыздарға әпкелік ақылын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!