Фото: ТЖМ

Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан малшы табылмай жатыр. Іздеу жұмысы жалғасуда. Бұл туралы KAZINFORM ақпарат агенттігі хабарлайды.

17 ақпанда ТЖД қызметкерлері, малшының туыстары, полиция қызметкерлері мен еріктілер қыстаудан Бестамақ ауылына қарай жолға шығып, хабарсыз кеткен ер адамды әлі іздеп жатыр.  

Еске сала кетейік, ол 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп шығып, содан қайтып оралмаған. 

Бүгін оны іздеуге «Қазавиақұтқарудың» МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. 

Сондай-ақ ТРЭКОЛ көлігі және қарда жүретін көлікке мінген жоқ іздегендер жоғалған адамның көлігінің ізіне түсіп, солтүстікке — Бестамаққа қарай аттанды.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!