фото egemen.kz

Жалағаш аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ҚК-нің  188-1-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы  бөтеннің малын жасырын жымқырған, сондай-ақ бөтеннің малын жасырын жымқыру қылмыстарын бірнеше мәрте жасаған. Нәтижесінде қылмыстық әрекеттер салдарынан жәбірленушілерге жалпы 2 750 000 теңге мүліктік шығын келтірілген.

Сотталушы басты сот талқылауында өз кінәсін ішінара мойындап, жасаған әрекеттеріне шын өкінетінін көрсеткен.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, беттестіру хаттамаларымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденген.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес бұл қылмыстық әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған  5 жыл  мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жалағаш аудандық соты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!