Олар үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі мүмкін.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінің бойында екі топ жігіт арасында төбелес шықты. Оқиға 15 шілдеге қараған түні таңғы сағат 03:30 шамасында болған, деп хабарлайды Lada.kz сайты.
Тәртіп сақшылары 24-25 жас аралығындағы алты күдіктіні анықтап ұстады.
Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі «Бұзақылық» (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СЖБ) тіркелді, – деді полиция қызметкерлері.
Жаппай төбелеске қатысушылар үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: видеодан скриншот
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!