Маңғыстау облысы Батыр ауылында бір үйдің екі баласы шұңқырға жиналған жаңбыр суына батып, мерт болды.

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданында болған. Жеке үй маңында әжетханаға арнап қазылған шұңқыр толассыз жауыннан кейін суға толған. Мұны байқамаған 14 және 10 жастағы балалар суға батып кеткен. 

Балалар әжесінің үйіне бара жатқан екен. Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сонымен қатар арық, шұңқырлардың бетін ашық қалдырмау керегін ескертті. 

Маңғыстау облысында жауын салдарынан бір түнде Ақтау және Жаңаөзен қалаларын, сондай-ақ Бостан, Сенек, Құрық және Шетпе ауылдарын су басқан. Қазір ТЖД 19 адам эвакуациялап, су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!