Бұрын Францияның TOTAL компаниясына тиесілі болған кен орнының жұмысшылары жұмыстан қысқартылатыны туралы хабарлама алған.

Маңғыстау облысының мұнайшылары өздері жұмыс істейтін компания жұмыстан қысқартып жатқаны туралы мәлімдеме жасады.Түпқараған ауданындағы «Доңға» кен орнында жұмыс істейтін TOTAL E&P Dunga компаниясының 20-ға жуық қызметкері видеохабарлама жазды, деп хабарлады Lada.kz.Жұмысшылар компания тікелей келісімшарт жасаған қызметкерлерді қысқартып жатқанын жеткізді. Мұнайшылардың айтуынша, қазірдің өзінде 10 адам қысқарту туралы хабарлама алған. Жұмысшылар компания басшылығы оларды мердігер ұйымға ауыстыруды көздеп отырғанын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!