Ветеринариялық іс-шаралар – ҚР «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес, халық денсаулығын бұған қоса жануарларды қорғауға, ем шараларын жүргізуге, ветеринариялық-санитариялық, профилактикалық іс-шаралармен қамтамасыз етуге бағытталған кешен.
Қызылорда қаласы бойынша биыл эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу 11 ауру түріне (8 вакцинация, 2 аллергиялық зерттеулер мен 1 дегельминтизация) қарсы вакцинациялау шаралары, диагностикалық зерттеуге қан сынамаларын алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар мүйізді ірі қара малының өттеуі, мүйізді ірі қара малының пираплазмозы, уақ малдың бауыр құрты ауруы, жылқының гастрофилезі, жылқының сақау ауруына, түйенің қатпа ауруы сияқты аурулардың алдын алу бағытындағы ветеринариялық іс-шаралары да қоса атқарылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы бойынша ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығына сәйкес, бірдейлендіру іс-шаралары, биылғы жылдың ақпанынан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу шаралары жүруде. Қызылорда қалалық полиция басқармасының 2021-2023 жылдарға арналған бірлескен жоспарындағы ветеринария саласында құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша қала көлемінде мал базары мен мал сою алаңдарына қалалық жергілікті полиция басқармасымен бірлесіп рейдтік шара ұйымдастырылды. Ветеринариялық санитариялық мақсатында заң талаптарын сақтамаған 4 азаматқа ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 406-бабына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Қазіргі таңда ветеринариялық талаптарды сақтамаған, белгіленбеген жерде балық, жануарлар және жануарлар өнімін сатқан азаматтарға қалалық полиция басқармасы арқылы ескерту берілуде.
БАҚ-та және «фейсбук» әлеуметтік желісіне ветеринария саласына қатысты өзекті мәселелер, соңғы жаңалықтар жарияланып, атқарылған ветеринариялық іс-шаралар жөнінде түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Б.АХМЕТОВ,
ВБжҚК Қызылорда
қалалық аумақтық
инспекция
басшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!