«Алғаш Алматыдан барғанымда анама: «Мама, білесіз бе, Алматыда ұйғырларды жақтырмайды екен», – дегенмін…
Бұл туралы Caravan.kz «Честно говоря» бағдарламысына сілтеме жасап хабарлады.
Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов:
«Сен бір сұхбатыңда «анам өзінің ұйғыр екенін айтпа деді» деген болатынсың. «Өзім де, әкем де қазақ деп айт. Менің кесірімнен саған қандай да бір қиындық келгенін қаламаймын» деп айтқан екен…» – деп әншінің құпиясын білуге тырысты.
Мақпал Исабекова өнер жолына ең алғаш келген кезде анасының өзінің ұйғыр екенін жасыруын өтінгенін мойындады. Дегенмен әнші оны жұрттан жасырғысы келмеген.
«Алғаш Алматыдан барғанымда анама: «Мама, білесіз бе, Алматыда ұйғырларды жақтырмайды екен», – дегенмін. Өзім Жаркент қаласында туып-өскенмін. Ол жақта да әртүрлі ұлт өкілдері бар. Әрине, ұйғырлар өте көп. Маған ол кезде ұйғырлардың арасында болғандықтан, аса байқалмаған еді. Бір сыныпта әртүрлі ұлттармен оқығанмын», – деп ағынан жарылды әнші.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!