Қазақстан азаматы ретінде бүгін өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Бұл менің мемлекеттің алдағы дамуын қалыптастыруға қосқан үлесім деп білемін.

Баршамыздың ортақ Отанымыз – Қазақстанның бүгінгі дамуы қарқынды екені сөзсіз. Міне осы өсіп-өркендеуді қалыпты жалғастыру үшін бүгінгі саяси науқанның мән-маңызы зор екені анық. Өз таңдауымызды жасай отырып біз ел үшін еңбек ететін партияларға үлкен сенім артамыз. Сол арқылы болашақтың бағдары айқындалмақ.

Бүгінгі науқанда әр адамның дауысы маңызды. Сондықтан сырдариялықтарды сайлауға белсене қатысып, бір кісідей жұмылуға шақырамын.

Марат ОМАРОВ,

Сырдария аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!