Журналист Михаил Козачков Алматыдағы тағымал мейрамханалардың бірінде атыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист Telegram-арнасында оқиға куәгерлерінің хатын жариялады. 

“Кеше Әл-Фараби мен Назарбаев көшелерінің қиылысындағы Сансет мейрамханасында түнгі 12:30-да атыс болды. Маска киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан мекеме ішінде оқ атты. Бір адам ішінен, екіншісі аяғынан жарақат алды. 30-40 минутта ішкі істер департаментінің барлық құрылымы мен департамент басшысы келді. Бұл туралы БАҚ жазып жатқан жоқ, өзімізді қорғансыз сезінеміз. Қала орталығында келіп, атып кете алады. Оның үстінде олардың әлі ұсталған-ұсталмағанын да білмейміз”, – деп жазды оқырмандарының бірі. 

Жазбаға қатысты пікір білдірген полиция департаменті Бұл деректің Бостандық аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеліп жатқанын хабарлады. 

“Қылмыс орнына қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады”, – деп хабарлады полиция өкілдері. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!