2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына екі жаңа заң жобасы енгізілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Масс-медиа туралы» заң жобасы және АҚДМ-нің ілеспе заңнамалық актілеріне түзетулер  Парламентке 2023 жылы наурызда ұсынылады.

2023 жылдың 3 ақпанында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасын және БАҚ мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді әзірлегені белгілі болды.

Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін және БАҚ құралдары бостандығының мемлекеттік кепілдіктерін белгілейді.

Заң жобасында цензураға тыйым салу қарастырылған.

Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар, масс-медиа әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік беруге міндетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!