Күрең күздің күнтізбесіндегі Қарттар күні мерекесінің мәні зор. Осыған орай, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері еңбек жолында із қалдырған полковник Болат Бисенбинді іздеп барып, құрмет көрсетті.
Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов ардагерге жүрекжарды лебізін білдіріп, мерекесімен құттықтады. Шаңырағына сәлем беруге келген қызметкерлер де жолынан жаңылмай, әкелген азық-түлікті табыстады.
Ардагер де өзінің сан жылдық тәжірибесі мен ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті. Қызметкерлерге ақ батасын беріп, адалдық пен жауапкершілік жолынан таймау керегін жеткізді.
Қарттарға көрсетілген ізет пен ілтипат – ұрпақ сабақтастығының алтын арқауына айналып, жас буынға өнеге болады деп білеміз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!