Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялайтын ұстаз қауымына берер баға азаймайды. Кәсіби мереке қарсаңында ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері ұстазын ұмытпай, сый-құрмет көрсетуді жөн көрді.

Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Дамир Қонысбай білімін жетілдіріп жүрген “Болашақ” университетіне, ал Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет қатарындағы Мақпал Қуатова өзі оқу бітірген А.Байтұрсынов атындағы №211 мектепке барып, ұстаздарын мерекемен құттықтап, әдемі гүлдерін ұсынды.

Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов шәкірттеріне сапалы білім берген қос ұстазға Алғыс хат табыстап, олардың ынталы да іскер қызметкерлер ретінде ел мүддесі жолындағы адал еңбегін айшықтап өтті. Мерейі өскен ұстаздар да марқайып, өз ризашылығын білдірді.

Ұстазына құрмет көрсеткен шәкірттердің шынайы көңілі мен алғаусыз алғысы көпті сүйсіндіргені сөзсіз.

Мекеме қызметкерлері ұстазын құттықтады

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!