Жол үстінде сабыр мен сақтықты серік еткен абзал. Темір тұлпарды тізгіндеген әрбір адамға қатысты қағида осы. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіне Жол-патрульдік полициясы келіп, жеке құрам қызметкерлеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында жолдағы жауапкершілік, көлік құралдарын дұрыс басқару және заңды бұзбаудың маңызды екені айтылды. Сонымен қатар, полиция өкілі жол қозғалысы ережелері жайлы қажетті ақпаратпен бөлісіп, көлік басқаруда жиі жіберілетін қателіктерге тоқталды.
Автокөліктер де тексеріліп, техникалық жағдайы назардан тыс қалмады. Қауіпсіздік белбеуінен бастап, жарық шамына дейін түгел тексерілді. Нәтижесінде, көлік құжатының толық, ал техникалық жағдайы талапқа сай екендігі анықталып, айтарлықтай кемшілік байқалмады.
– Жол-көлік апаты сынды оқиғалар көңілді алаң ететіні рас. Сондықтан, жол қозғалысы ережелерін сақтау мен көліктердің техникалық жағдайын тексерудің маңызы зор. Қауіпсіздікті қадағалап, түсіндірме жұмысын жүргізуде кейін тартпаймыз. Жол ережесін тиісті түрде сақтау – адам өміріне араша болатыны айтпасақ та түсінікті. Сондықтан, сақтыққа бейжай қарауға болмайды, – деді ҚПБ ЖПҚБ ППБ Рота командирі Полиция капитаны Бағдат Насыров.
Іс-шараның мәні көлік жүргізуде абай болу керегін тағы бір еске салды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!