Ахуал тұрақты болғанда алаң көңілдің аптығы да басылады. Сондықтан, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі мән-жайға қанық болуды тыс қалдырған емес.
Ішкі жағдайды зерделеу мақсатында апта сайын жоспарлы тексеріс жүргізеді. Бұл жолы да жазасын өтеушілердің орналасу орындарын аралап, жатын бөлмелердің жай-күйі , тазалағы және белгіленген талаптарға сәйкестігіне баса назар аударды. Жазасын өтеуші азаматтардың жеке заттары да жіті тексерілді. Мұның бәрі қауіпсіздікті қадағалаудағы маңызды қадамдар.
Сонымен қатар, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Ұзақұлы Тұрымбетов жеке қабылдау өткізді. Яғни, жазасын өтеуші азаматтардың толғандырған сұрағына тиянақты жауап беріп, өтінішке құлақ түргені соған мысал.
Иә, мұндай тексерістердің тірлікті тындырымды етіп, бақылауды күшейтуде рөлі зор.
З.Қонысжан
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!