Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінде өндіріс аймақтағы жұмыс орындарынан жер астындағы қазылған орындарды іздеуге жылқы малы жұмылдырылды.
Сотталғандардың қашып кетуіне жол бермеу мақсатында мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері және 5547 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының жауынгерлерімен бірлесіп негізгі қоршаудың қашу тұрғысында қауіпті тұстарын, жасырын қазылған орларды анықтау мақсатында, тексеру іс-шарасы өтті.
Осылайша жазасын өтеушілердің қашып кетуіне жол бермеу мүмкіндігі артылады.
Тағы бір айта кететін жайт, жануар жер астында бос орын сезінсе,барудан бас тартады. Тексеру барысында қазылған жерлер табылған жоқ.
№60 мекеме баспасөз қызметі

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!