Фото: Pixabay
Орталық коммуникациялар қызметінде «Масс медиа» туралы Заң жобасы түсіндірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бірінші оқылымда қабылданған өзгерістер арасында журналистердің сұрағына мейлінше жедел жауап беру тетіктері қарастырылған.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер БАҚ сұрау салса, 5 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндеттеледі.
Кей сұрақтар зерделеніп жан-жақты, оның жаңағы қаражат болуы мүмкін, статистика болуы мүмкін, соларды анықтау көбірек уақытты талап етеді. Сондықтан біз осы тұрғыда 5 күн деп белгіледік. Ол деген сол 5 күнге дейін ұстап отырады деген сөз емес. Мемлекеттік органдар да өздері де тез жауап беруге мүдделі, деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!