Әлеуметтік желіде Талғар ауданында жөндеуден өтіп жатқан мектептің ескі құрылыс материалдары танымал сайтқа сатылымға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарнамалардан Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы 21-орта мектептің ескі терезелерінің сатылып жатқанын байқауға болады. Бір терезе 30 мың теңгеге бағаланды. Пайдаланылған оқу шамдары да сатылымда.

Әкімдік мектептің шынымен 2022 жылдың наурыз айынан бері жөндеуден өтіп жатқанын растады. Мердігермен 1 миллиард 142 миллион теңгеге келісімшарт жасалған. Бүгінгі күні ғимаратты демонтаждау жұмыстары аяқталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

«Жобада терезелерді, шамдарды ауыстыру сияқты жұмыстардың барлық түрі бар. Мердігердің айтуынша, хабарландыруды жариялаған Бекзат есімді тұлға ЖШС-да жұмыс істемейді, сондықтан мердігерге ешқандай қатысы жоқ. Өтіп бара жатқан кез келген адамның суретке түсіріп, жарнама беруге мүмкіндігі бар. Күн сайын нысанға жұмыс іздеп, жүздеген адам келеді. Электр шамдары бригадирдің қасында тұр», – деп атап өтті Талғар аудандық білім бөлімі.

Әкімдік бұл жағдайға мердігердің қатысы жоқ екенін алға тартты.

«Одан бас тартылды, өйткені мердігер сметалық құжаттамада қарастырылған орындалған жұмыстардың актісіне растайтын құжатты алу үшін құрылыс қалдықтарын полигонға жіберуі керек. Күрделі жөндеу жүргізіп жатқан бас мердігердің әлеуметтік желілерде таралған хабарламаға еш қатысы жоқ», – деп толықтырды әкімдік.

Мердігер бұл хабарландыру бойынша қызметтік тексеру жүргізбекші. Расталған жағдайда бұл тұлғалар жұмыстан босатылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!