Елімізде жол саласында кәсіби маман тапшы. Жұмысшы мамандыққа деген жастардың қызығушылығын арттыру үшін «Жол активтетірі сапасының ұлттық орталығы» РМК республика көлемінде «2000 мектеп» жобасын жүзеге асырып келеді.
Осы бастамаға қызылордалық жолшылар да ерекше үлес қосуда. Мәселен, биыл жыл басынан бері филиал мамандары қала мектептеріне барып, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беріп, жол мамандығы бойынша оқуға шақырды. Себебі, кәсіби жолшылар еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие.Жыл сайын елімізде 3 мыңға жуық жол жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылады. Ал үлкен жобаларды жүзеге асыратын жол салушы компанияларға кадр тапшылығынан шет елден мамандар жалдауына тура келеді. Оның үстіне қазір жол саласында жалақы мөлшері жоғары. Сондықтан жастарға бұл да үлкен мотивация.
Бүгінде Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандары мектеп аралап, оқушыларға жол құрылысы мамандығы бойынша қандай жоғары оқу орындарында білім алуға болатынын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, қазір жол саласында заманауи технологиялар өндіріске еніп, көп жұмыс автоматтандырылған. Сондай-ақ, орта буын колледж студенттеріне де ашық есік күндерін өткізіп, жастардың қызығушылығын арттыруға жан-жақты тағылымды шаралар ұйымдастырып жатырмыз,- дейді филиал директоры Нұрбол Абызбаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!