Фото: depositphotos.com
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде Жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге ақша жинауға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Бұған дейін айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Жаңа жыл және басқа да іс-шараларға байланысты үнемі айтып отырамын. Бұған министрліктің бұйрығымен де тыйым салынады, сондықтан мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл – Жаңа жылдық шараларға да, шыршаларға да қатысты талап. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады», – деді Бейсембаев Үкіметтегі брифингте.
Министр кез келген іс-шара тек көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін айтты.
«Сыйлықтарға қатысты сұраққа жауап бердім. Гүл сыйлауға бола ма? Иә, рұқсат етілген шаралар ретінде болады. Біздің мұғалімдер ешқандай сыйлық күтпейді», – деді ведомство басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!