Біз шығынның орнын толтыру үшін, дефицитті соманы Ұлттық қордан алып отырмыз.

Қазір мемлекет бюджетінде тапшылық бар, шығын көп. Экономиканы көтеруге көбірек назар аударуымыз керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай «Qasqa Jol» YouTube арнасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Келесі жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын ақшаны халық бақылауына алады. Миллиард емес миллионның өзі назарда болады. Инвестициялық табыстың бір бөлігі балалардың есепшотына аударылады деп отырмыз. Біз жыл сайын Ұлттық қорға қол салып жатырмыз. Бұл негізі – болашақтың инвестициясы ғой. Кеше 2024-2026 жылғы бюджет кодексінің заң жобасын қабылдадық. Қаражатың жартысы 10,7 трлн теңге – тек әлеуметтік салаға кетіп жатыр. Қазір біздің мемлекеттің табысынан шығыны көп. Бюджетте тапшылық бар, шығын көп бізде, – деді Мақсат Толықбай.

Депутаттың айтуынша, біз шығынның орнын толтыру үшін, дефицитті соманы Ұлттық қордан алып отырмыз.

Әлеуметтік сала дегеніміз – зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы деген сияқтылар. Ал осылай шығынды жаба келе, Ұлттық қордағы ақша таусылса қайтеміз?! Ол кезде зейнетақы, жалақыны қалай береміз. Сондықтан біз экономиканы көтеруге, сол бағытқа көбірек назар аударуымыз керек, – деді Мәжіліс депутаты.  

сурет «Qasqa Jol» арнасынан алдынды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!