Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері атаулы күнге орай рәміздер алаңында әнұран шырқады.
Мемлекеттік рәміздер ұлттық байлығымыз. Баршамызды біріктіредін басты құндылық. Туымыз көкке көтерілгенде әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриоттық сезімді сезінеді. Елтаңба бейнеленген көк байрақ еліміздің барша азаматтарына ортақ шаңырақтың нышаны. Әнұранымызды шырқаудың өзі біз үшін үлкен мәртебе,- деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!