Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.

Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің жеке құрамы атаулы күнге орай әнұран шырқады.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық байлығымыз. Баршамызды біріктіредін құндылық. Туымыз көкке көтерілгенде – әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриоттық сезімді сезінеді. Елтаңба бейнеленген көк байрақ еліміздің барша азаматтарына ортақ шаңырақтың нышаны. Әнұранымызды шырқаудың өзі біз үшін үлкен мәртебе,- деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы Өтетлеуов.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!