Фото: appazov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мемлекеттік құпиямен айналысатын мамандардың жалақысын көтеруді ұсынды.

Бастама «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр. Ұсыныс бойынша «Техникалық ақпарат қауіпсіздігі және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарды даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мамандарының базалық жалақысын 25 пайызға арттыру жоспарланып жатыр. Бұл қызметкерлер тұрақты түрде мемлекеттік және қызметтік құпиялардықамтитын құпиялармен жұмыс істейді. Сондай-ақ, қатаң құпия құжаттармен де жұмыс істейді.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құпия және өте құпия құжаттармен тұрақты жұмыс істейтін мамандарына базалық лауазымдық жалақыны 25%-ға көтеру көзделген», — деп жазылған құжатта.

Бұл мәселе бойынша қоғамдық кеңестер 24 шілдеге дейін жалғасады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!