Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген. Бүкіл әлемде мемлекеттік сектор басты назарда және қоғам өмірінің басында тұр. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар. Ол халықтың және мемлекетпен жүргізілетін басқарушылық қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің сенімділік деңгейінің көрсеткіштері болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет мемлекеттік қызметтің беделін арттырудың қажеттілігіне қатысты мәселелерге ерекше көңіл аударады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерінің позитивтік беделін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы приоритеттік бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік қызметкердің кәсібилігіне байланысты болады. Елбасымыз Н. Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметкердің бойында болуы тиіс негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл қасиеттер – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны практикада қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің патриоты болуы керек. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерінің позитивтік беделін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы приоритеттік бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметкердің оң беделін қалыптастыру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметтің позитивтік имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп Кодексінде белгіленген, онда былай делінген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды». Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметкердің жұмысы мен өзін-өзі ұстауы баршаға анық. Оның беделі – бұл мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметкерлердің және жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көз-қарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің иығына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады.
Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, және сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек. Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру — күрделі және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысқан. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 санды Әдеп кодексінде анықталған. «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды». Қазақстан тәуелсіздік жылдары өзінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси дамуында нақты жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында ұзақ мерзімдік даму басымдылықтарының бірі кәсіби мемлекет құру деп белгіленді. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және біздің мемлекеттің алдында тұрған басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Осы сұрақтағы ең маңызды қадамдардың бірі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.
Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдауы керек.
Б.Меңліхожаев,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!