Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет қызметкеткерлер де әкімшілік құқықтың субьектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік органдардағы лауазымды өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметшілер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлқы мәселелеріне көбірек көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттер, моральдық-адамгершілік қасиеттер мен әдептілік мінез-құлық көріністеріне негізделген. Этикалық нормаларды сақтау мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ерекше орын алады.
Мемлекеттік қызмет атқару бұл қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады.
Мемлекеттік қызметкер – адал, әділ, қарапайым, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтап, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы керек.
2016 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) осы міндетті іске асыру қорытындысы болды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез құлықтарына үлкен мән берілуде.Біз күнделікті өмірде әдепті мінез-құлықты сақтаумыз қажет.
М.Қ.Бекетова
Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!