Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытында өз қызметтерін ұсынып келе жатқан беделді оқу орындарының бірі.

Академия және оның әр өңіріндегі филиалдары мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағытында қарқынды білім беру қызметін жүргізуде. Мемлекеттік қызметшілер өзгермелі әлемде сапалы қызмет көрсету дағдыларын дамыту мақсатында білім беру бағдарламаларын әзірлеп, оны жыл сайын жаңартып отыруды басты назарда ұстайды. Мемлекеттік қызмет сапасын арттыруда елеулі үлес қосып отырған академия биыл өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Академия және оның филиалдары мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда курстар мен семинарлар ұйымдастырып ғана қоймай, мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын дамыту бағытында тәжірибеге бағытталған диалог алаңына айналды. Мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын дамыту орталығы аясында филиал қызметкерлері мен агенттіктің аумақтық бөлімшелері мамандарымен бірге заңнамалық новеллалар туралы ақпараттық түсіндіру мен талдау жұмыстарын, кадр қызметін ұйымдастыру, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту жұмысын атқарады. Сондай-ақ мамандардың мансаптық өсуге деген қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс- шаралар, әдеп өкілдерінің өкілеттілігін іске асыру бағытында семинарлар, қоғамда қалыптасқан жағдайларға байланысты жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілердің келбетін қалыптастыруға бағытталған заң, психологиялық кеңес беруді іске асыруда.

Жасұлан ШЫНТАСОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда
облысы бойынша департаментінің
басқарма басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!