Бүгін – манызы зор күн. Бүгін – еліміздің, айбыны, тәуелсіздігіміздің нышаны – мемлекеттік рәміздер күні. Әр халықтың жүрегіне жақын қасиетті белгілері болады. Біздің рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран, ұл рухының көрінісі. Мен – тәуелсіз елдің ұланымын. Менің елімінің өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Бұл – менің мақтанышым! Рәміздержәйғана белгілер емес олар – тарих.Олар – болашақ. Олар- менің жүрегімнің түкпірімдегі елге деген махаббатымның көрінісі. Бүгінгі күн – осы құндылықтарға құрмет білдіретін күн. Біз рәміздерімізді тек құрметтеп қана қоймай, олардың мәнмағынасын тереңтүсінуіміз керек. Өйткені рәміз ұлттың жүрегі.
Туды көрген сайын мен елімнің көк аспанын, еркіндігін елестетемін. Қыран құстай самғап,биікке ұмтылғым келеді. Елтаңбамызға қарасам – шаңырақ көрінеді. Ол мен үшін тек отбасы емес, бүкіл елдің бірлігі мен ынтымағы. Ал Әнұран – ол әрдайым кеудеме мақтанышпен жаңғырып тұрады. Ол ойнаған сайын мен елге адал қызмет еткім келеді.
Туымыздағы көк түс – ашық аспанымыздың, бейбітшіліктің белгісі. Ал алтын күнмен қыран – тәуелсіздікке ұмтылған елдің, символы. Көк Ту ол – азаттықтың аспанындай биік, кеңістіктей шексіз. Қыран бейнесі – тәуелсіз елдің, қырағы рухын, еркіндігін білдіреді. Ал алтын күн – бейбіт өмірдің, мәңгілік болашаққа нышаны. Бұл Ту – әлемге Қазақ елін танытқан Ту.
Елтаңбамыздағы шаңырақ береке бірліктің бастауы. Елтаңба қарап тұрсаң, жүрегіне жылулық ұялайды. Шаңырақ – бірліктің белгісі, ал уықтар – халқымыздың мызғымас тұтастығын білдіреді. Бәйтеректей биік ойлы халқымыздың арманымен ақ тілеуі Елтаңбадан көрініс табады.
Ал Әнұран ол шырқалғанда, кеудемді мақтаныш кернейді. Әнұран – бұл ұлттың жүрек үні, намысымен рухының жаршысы. Ол – елге деген адалдықтың әні. Әнұран ол 2006 жылы 7қаңтарда қабылданған. Бұл Әнұран бұрынғы “Менің Қазақстаным” атты патриоттық әннің негізінде қайта өңделген. Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік Әнұраны 1992 жылы қабылданды. Ол Қеңес Одағы кезіндегі Қазақ КСР Әнұранының әуенімен қалды, бірақ сөздері жаңадан жазылды.
Алғашқы шумағы:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны –
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқы шыққан бабам,
Бірлікті мұра еткен
Менің Қазақстаным!
Бұл жолдар – қазақ халқының байтақ жері мен ерлік дәстүрін, бірлік пен тәуелсіздікке деген мақтанышын білдіреді. Бұл шұмақ 2006 жылы қабылданған жана нұсканың алғашқы бөлігі. Бұл нұсқа – Шәмші Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әні негізінде жасалған, бірақ оған Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлық қатысуымен мәтіндік өзгерістрер енгізілген.
Рәміздер күні. Бұл – өткенге тағзым,болашаққа сенім білдіретін күн. Біз тек құрметтеп қана қоймай, осы рәміздердің мағынасына лайық болуға тиіспіз. Себебі біз- болашақтың иесіміз. Болашақ бізден басталады.
Болатбек Нұрай Мұратқызы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!