Бүгінде жастарды тәрбиелеудің түрлі жолы қарастырылып келеді. Соның бірі жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз – рәміздерді насихаттау. Рәміз – мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған болар едік. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсінігін кеңейту. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының рәміздері туарлы түсініктерін қалыптастыру. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге үндеу.
Шаңырақ – әлемнің біртұтастығы, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелесе, қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі. Елтаңбадағы бес жұлдыз, жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Біз үшін аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу ұлы бақыт.
Аруназ БЕКЖАН
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!