Қызылорда облыстық Ішкі Саясат Басқармасы және “Ашық Азаматтық Қоғам” ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру” жобасы аясында Жаңақорған және Шиелі ҮЕҰ-на және ынталы топтарына “Мемлекеттік сатып алу веб порталында жұмыс” тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Оқыту семинары ZOOM платформасында өтті. Қатысушыларға мемлекеттік сату заңдылықтары аясында ақпарат берілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!