Фото: ашық дереккөзден
Мемлекеттік тіл – егемендігіміздің басты айғағы. Кез келген өркениетті елдің өз рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлкеттік тілі де болады. Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Ата заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Әрбір қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындап, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті. Тіл – адамзатты жақындастыратын басты қатынас құралы.
Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі.
Ана тілімізді өркендету – баршаның ісі. Тіл тек қарым қатынас құралы емес, ойлау, дүниетаным, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттың ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Сондықтан оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу керек. Қазір мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Іс қағаздарын жүргізу, номенклатураға сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлкеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай шұрайлы, тегеуріні мықты, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, мәңгілік елдің мәңгілік тілі.!
А.НЕШЖАНОВА,
Қызылорда қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!