Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған байқауға

Мен өмірді қалаймын

Қазағым, ары таза сен бір ел ең
Есірткі уайым боп тұр алып белең.
Баршаңызды шақырар күресуге,
Қаруым болсын деймін бұл бір өлең.

Торламасын аспанды қайғы бұлты,
Есірткіден алыс бол, Қазақ ұлты.
«Дені саудың – жаны сау» – деген сөз бар,
Есірткі – аждаһадай, залым құрты.

Қосқан үн шықсын биік қырға белес,
Ұрпағым, есірткіге қарсы күрес!
Салауатты өмірдің салтын қолдап,
Қосқаныма қуанам аздап үлес.

Көк байрағым жарасып қыранымен,
Жарқын өмір сән берсін жыр-әнімен.
Жат қылықпен шақырам күресуге,
«Мен өмірді қолдаймын!» ұранымен.

#есірткігеқарсыбайқауы
Нұрай ЖАРЫЛҚАСЫН,
Ы.Алтынсарин атындағы
№204 мектептің
9 «Б» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!