Мына өмір сынға алады талайды,
Сонда да жаным өмір сүруді қалайды.
Кейбіреулер бақытты болып жыласа,
Ал біреуді сорлатады сор қайғы.

Бүгінде заман емес өзгерді адам,
Қарын тоқ, қанағат жоқ, өңшең надан.
Есірткіге еліткен қаншама жастар,
Бас тартып, баса алмай жүр алға қадам.

Өмір шіркін керемет қой, сезінсең,
Адаспай тура жолмен жүре білсең.
Барлық жаман әдеттен алшақ жүріп,
Айналаңа қарай біл күлімдеп сен.

Ғажап әсем мен қалаймын өмірді,
Жақсы адамдар жүрсе деймін көңілді.
Жақсылықпен, қуанышпен сүремін,
Бір рет қана берілген бұл өмірді.

Есірткіге ерген жанның үміті өшпек,
Армандары алданыш боп, өткелі кеш тек.
Таза өмір — ең қымбат қазына, біл,
Сау ақылмен ғана ашылады кең көк.

Аяна Амир
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Қандөз ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы №240 орта мектебі
10-сынып оқушысы
Жетекшісі: Ешимова Акжан

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!