Есірткі – бұл пенделердің қас жауы
Есірткі бұл жаман істің бастауы.
Арам іспен, надан іспен өткізіп
Кетті талай адамдардың жас шағы.

Есірткі – зиян, арбау ғана бір сәттік
Көп адамдар жасап жатыр ағаттық.
Қыршынынан қиылу да жас ұрпақ
Бір-біріне жасап жатыр жамандық.

Есірткі жолы арам жол, табыс оңай
Ойлайды-ау адамдардың бәрі солай
Есірткіге қарсы болмасақ мына біздер
Анық болмақ болашағымыз біздің қалай?

Қателікті жасайтын жастық шақ – от
Есірткінің пайдасынан зияны көп.
Жаман іске, арам іске тұрақтанба,
Жалған жолға алданба, оған жол жоқ.

Есірткіге қарсымыз – жолсыз іске
Зияндарды келтіреміз өзімізге.
Өміріңді қорқылар жалған қызық
Тоқтау қой есірткіге дер кезінде.

Сын сағатта сүрінбе, мықты болғың
Ізін баспа ешқашан жаман жолдың .
Есірткіден аулақ бол,алға ұмтыл
Себебі: бұл сенің өмір жолың.

Есірткіге қарсымыз – жарқын жолдан
Жаман жолға барар ма ақыл толған?
Жастық шағың алдағы арманың дәл,
От болып, өшпестей шоқ боп жанған.

Жасамайық ешқашан да жаман іс,
Ата-бабаның жалғасы боп қалған біз.
Талай жасты қыршынынан қидырған
Әрқашанда есірткіге қарсымыз!

Аяна Наурызбай,
№97 орта мектебінің 7-сынып оқушысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!