Нашақорлық бұзады сау адамды,
Санаңды улап, бұл жаман аздырады.
Бұл ісіңнен денсаулығың әлсірер
Ей, бауырлар, аулақ ұста бойыңды.

Жамандыққа жақындап, уақытыңды өткізбен,
Аялай біл ардақтап, уақыт кері келмесін.
Мойын бұрмай ешқашан, қаша білгін осыдан
Ішімдік пен темекі, нашақорлық әдеттен.

Қадам бас, әрқашанда жақсы өмірге,
Бағалай біл, кірбің түспес көңілге.
Ең бастысы, ата-анаңды қадірлеп
Істер жаса, пайдасы тиер еліңе!

Ағайын, денсаулықты бағалайық.
Арақ пенен темекіні дос қылмайық.
Адамдықтан әрдайым алыстамай,
Өзімізді “нағыз адам” санайық.
Азиз Тыныштықпай,
№292 орта мектебінің 5а сынып оқушысы,
Арал ауданы.
Жетекшісі: Тажекеева Жанар

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!