Мен өмірді қалаймын! Жарық таңда,
Үміт толы жүректің нұрлы сәнін.
Есірткі - қара түн, алдамшы жол,
Таза өмір таңдаудың дұрыс бәрін.

Мен өмірді қалаймын! Биік арман,
Жүрекке күш беретін таза жалын.
Удың жолы тұңғиық, жарық емес,
Сол тұңғиық талайдың сынған жанын.

Мен өмірді қалаймын, мейір күнді,
Достарыммен өткен бір жарық күнді.
Есірткі - өтірік шаттық, жалған қуат,
Артыңда қалдырады тек мұң, түнді.

Мен өмірді қалаймын! Нық қадаммен,
Таза жолмен жүремін ақ арманмен.
Өмір өз қолыңда, таңдауың да,
Тең болмайды бір сәтте жалған пәннен.

Мен өмірді қалаймын - ертеңім нұр,
Жүрегімде сенім бар, үмітім тұр.
Есірткіден алыс бол - өмір қазына,
Саулық, ақыл - ең үлкен жеңіс бұл сыр!
Інжу Құдайберген
«№59 орта мектебі» КММ-нің
9 а сынып оқушысы,
Қызылорда облысы, Арал ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!